4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

«Отырарлықтар» қамсыз тіршілікке қайта оралды

«Отырар» шағынауданы тұрғындарын алаңдатқан мәселеге нүкте қойылды. Кәріз құбырлары жарылып, жертөлесін лас су басқан көпқабатты тұрғын үйлер, мердігер тарапынан толықтай тазартылып, «Түркістан ҚызметСервис» мекемесіне тапсырылды. Екі аптадан бері біздің телеарнаның тікелей бақылауында болған тақырып турасында Алтынбек Әмиттің репортажында.

«Жертөлесі нәжіске толып, таза ауаға зәру болдық» деген «Отырар» шағынауданы тұрғындары енді аулада емін-еркін тыныстайтын болды. Бір жылдан астам уақыт бойы ешбір мекеменің қарамағына өтпегендіктен, үйдің іргетасы да жерге кірудің сәл-ақ алдында қалған болатын. Қазір бұл оқылықтар қалалық құрылыс бөлімінің жіті назарына алынып, мердігер тарапынан толық жөндеуден өтті.

Нұрсұлтан Жақсылықов, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

«Кәріз насос станциясы мәселесі турасында қазір «Түркістан Су» мекемесімен келісімшарттар орнатып, ертең барлығын іске қосамыз. Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ».

Құбырды скотчпен жалғап, жұмысқа атүсті қараған мекеме де жазасыз қалған жоқ. Мердігер келтірген шығынды толықтай өз мойнына алып, ескі құбырларды жаңартуға кірісті.

Қуандық Мырзағалиұлы, қала тұрғыны:

«Сіздердің телеарналарыңыздың көмегі қатты тиді. Құдай қаласа, игілікті іс бола берсін. Осылай халықтың ықыласына бөлене беріңіздер».

Мамандардың айтуынша, құбырлардың істен шығуы көбіне тұрғындардың салғырттығынан болатын көрінеді. Сондықтан олар осы ретте көпқабатты тұрғын үй жұртын әжетханаға тұрмыстық қалдықтарды тастамауға шақырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *