4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Ойыннан от шыққан

Шымкентте екі бала тілсіз жаудың құрбаны бола жаздады. 11 және 12 жастағы қос жеткіншек құрылысы аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде қоқыс өртеп ойнаған. Салдарынан жертөле түгелдей отқа оранып, олар сыртқа шыға алмай қалған. Абырой болғанда, балалардың бірінде ұялы телефон болып, ол өрт сөндірушілерді көмекке шақырған. Бұл уақытта “112” қызметкерлері құтқарушылармен байланыста болған. Операторлар болса, құтқарушылар оқиға орнына жеткенше, балаларға түтіннен қорғану жолдарын айтып, көмектескен.

Роман Письменский -Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған жасақтың қарауыл бастығы:
«Олар қайтып шығатын жолды таппай қалған. Өйткені мына жер біз келгенде көк түтін еді. Біреуі ес-түссіз жатты. Тыныс алу аппараттарын кигізіп, сыртқа алып шығып, балаларды жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстадық. Жертөленің алты шаршы метрін шарпыған өрт қысқа уақыт ішінде ауыздықталды».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *