4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Нұр-Сұлтан әуежайында ер адам ұшақта жарылғыш заттың барын айтып, шу шығарды

Елорда әуежайында Нұр-Сұлтан Анталия бағытындағы Turkish Airlines ұшағына жолаушыларды оырғызу кезінде 44 жастағы азамат ұшақта жарылғыш заттың барын айтып, бірнеше рет айқайлап, шу шығарған. Ер адамның мас күйде болғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әуежай аймағы мен ұшақ борты түгелдей тексеріліп, нәтижесінде жарылғыш заттар немесе басқа да қауіпті құрылғылардың табылмады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бұл бабының санкциясында бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Күдікті кінәсін мойындады. Ол қазір полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *