5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Назарбаев жұма намазын оқуға келді

Нұр-Сұлтанда мәжіліс депутаттары елорданың атын өзгерту туралы шешім қабылдаған тұста тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Орталық мешітке келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, ол жұма намазын оқуға келген.

“Мешітке жасалған сапары кезінде тұңғыш президент Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мәртебелі қонағы, әл-Азһар университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебті қарсы алды”, – делінген жұма күні тараған ақпаратта.

Айта кетейік, 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын оның құрметіне атаудың дұрыс еместігін айтқан. Қайда барсам да барлығы Астананы таниды деген ол бұл атауды бренд деп атаған.

“Менің құрметіме өзгертуге ешқандай қажеттілік көріп тұрған жоқпын. Астанада ХХІ ғасырдағы бірінші ЕҚЫҰ саммиті өтті, қысқы Азия ойындары өтті, енді ЭКСПО-2017 мен әлемдік дәстүрлі діндердің съездері өтеді. Мұның барлығы Қазақстанға қатысты болғанымен, бүкіл жерде Астана атауы айтылады. Сонда мұны өзгертудің қандай қажеті бар?”, – деген еді тұңғыш президент.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *