4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Мәдениет саласындағы мазасыздық

Бөлінген миллиондардан пақыр тиын да көрмейміз. Шымкенттегі өнер иелері қаладағы мәдениет басқармасындағы былықты жайып салды. Сөздерінше, салаға бөлінген қаражат миллиондап өскенімен, тындырылып жатқан шаруа шамалы дейді.

Шымкенттің мәдениет басқармасына жаңа басшы келгелі құтымыз қашты. Осылай деген үшінші мегаполистің өнерпаздары жауаптылардан қолдау табудың орнына қудалауға ұшырағанын айтады.

Анар Жаппарқұлова – Шымкент қаласы Әл-фараби атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының директоры:
«Қудалау көріп жатырмыз деп мен толыққанды айта аламын. Өйткені жиналыста чуть Әл-фараби кітапханасы бір жұмыс орындамаған болса дереу, дәл қазір менде түсініктеме жоқ, «выговор» дегенді есітеміз. Дереу Жаппарқұлова «сөгіс берілсін» берілсін деген..сондай жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ».

Ал орыс драма театрының заңгері басқарманы төрт рет сотқа беріп, бәрі жеңіліспен аяқталған.

Игорь Вербицский – Орыс драма театрының директоры:
“Бұрын аз ақшаға көп шаруа бтіретінбіз. Ал қазір пандемия кезінде 20,30, 60 млн теңгеден жұмсалып жатыр. Біз оның бір тиынын да көріп жатқанымыз жоқ. Өтіп жатқан шаралар театр ұжымдарының өз күшімен өткізіліп жүр, музей мен кітапханашылардың еңбегімен. Ал есесіне миллиондар жұмсалды деп есеп беріліп жатыр”.

Ханзада Есенова келгелі қаладағы мәдениет басқармасына қарасты 5 мекеменің басшысы кеткен. Солардың бірі Түркістан сарайын басқарған Сәкен Майғазиев. Шенеунік болса мұны әрқайсысының өз еркі болды деп түсіндірді.

Ханзада Есенова – Шымкент қаласы мәдениет басқармасының басшысы:
«Қазіргі шаралар ауқымды түрде ұйвымдастырылуда. Ал 2018 жылы пандемия болмай тұрғанда бір күндік шараға 70 млн теңге жұмсалған. Ол кезде курс қанша еді?. Ал біз бүгінде он күндік шара туралы атйып жатырмыз. Оған 170 млн теңге бөлінді. Биыл мыалы бір жерде емес, бір мезетте он жерде атап өтіледі. Яғни биыл мейрам халыққа келеді, халық мейрамға емес. солай десек болады».

Басшыдан қайыр көрмедік деген кітапхана, театр жетекшілері енді президенттен көмек сұрауға мәжбүр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *