4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Мақтааралда 1200 орындық зәулім мектеп салынды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген шағын ауданда 1200 орындық зәулім мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы.

Оқу ордасының жалпы алаңы 2,7 га құрайды. Ішкі спорт залындағы көрермендерге арналған 200 орындық орын бар. Ал мектептің асханасы 420 орынға есептелген.

Мектеп толықтай соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталады. Қазіргі таңда мектептегі физика, химия, информатика кабинеттерін, мультимедиялық және лингафондық кабинеттерді соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жоба бойынша оқушылар түрлі спорттық, қолөнер және өнер үйірмелеріне қатысып, өздерін қосымша дамытуға мүмкіндік алады. Оқушыларды дамыту үшін барлық жағдай жасалады.

Білім ошағының техникалық-базалық жабдықталуына үлкен мән беріліп отыр. Нысанның сыртқы жарықтандыру, абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.

Айта кетейік, облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен бас мердігер «АРТ-Құрылыс» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан алып нысан үшін ҚР Үкіметі резервінен 2,6 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр. Қазіргі таңда аталған құрылыстан бөлек, Мақтаарал ауданында жалпы 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 8 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *