4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Машина жасау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдейді.

Онлайн және офлайн режимде ұйымдастырылған басқосуда отандық машина жасау саласындағы өзекті мәселелер ортаға салынып, жан-жақты талқыланды.

Жиынға ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов, «QazIndustry» АҚ Басқарма төрағасы Берік Бекенов, ведомствоға қарасты басқарма басшылары мен қазақстандық машина жасау саласындағы кәсіпкерлер қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды қадамдарының бірі – қоғаммен кері байланыс орнату. «Ашық сағат алаңы» жобасының басты мақсаты – министрлік қызметінің сан-салалы жұмысына байланысты туындаған өзекті сұрақтардың тиісті шешім табуына ықпал ету. Сондай-ақ қоғам белсенділері мен іскер топ өкілдерінің ведомство жұмысына қатысты сауалдарына дер кезінде жауап беру. Бұл бастамамыз өз жемісін беретініне сенімдіміз, – деп атап өтті ҚР ИИДМ басшысы.

«Ашық сағат алаңында» электротехникалық және темір жол машиналарын жасау салаларының дамуы мен лифт өнеркәсібін өркендету басты назарға алынды.

ҚР ИИДМ Электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының басшысы Азамат Ахметовтің айтуынша, 2021 жылы электротехникалық және темір жол машиналары өндірісінің көлемі 554,3 млрд теңгені құраса, биылғы бес айда өндірілген өнім сомасы – 202,6 млрд теңге.

2021 жылы 620 бірлік лифт құрал-жабдықтары өндірілсе, ағымдағы жылдың алғашқы бес айында 480 дана лифт шығарылды. Бүгінде Қазақстанда лифт өндірісін 3 кәсіпорын жүзеге асырады, – деді Азамат Ахметов.

Жиын барысында отандық бірқатар кәсіпорын жетекшілері өздерін толғандырып отырған мәселелерді көтеріп, сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Мәселен, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Алатау лифт құрылысы компаниясы» ЖШС басшылары мен Қазақстан электромашина жасаушылар қауымдастығы және Қазақстан лифтшілерінің ұлттық қауымдастығының өкілдері саланы дамытуға байланысты ұсыныстарын жеткізді. Олардың қатарында субсидиялау тетіктерін іске қосу, техникалық регламенттерді әзірлеу мен шикізатты жеткізуде туындайтын мәселелер бар.

Басқосуды Қайырбек Өскенбаев қорытындылап, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Ведомство басшысы екі жаққа да тиімді ұсыныстардың ескерілетінін жеткізіп, «Ашық сағат алаңы» аясында осы тақілеттес кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұратынын айтты.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *