4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Спорт

Марқұм Марадонаның біз білмейтін құпиялары ашылуда

ХХ ғасыр үздік футболшыларының бірі, аты аңызға айналған Диего Марадонаның адам саудасымен байланысы болуы мүмкін. Мавис Альварес есімді әйел аргентиналық сотқа осылай шағымданды.

Айтуынша, 16 жасында Марадона оған зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қатынасқа итермелеген. Одан бөлек, Альварес өзін футболшы есірткіге тәуелді қылғанын да айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Куба Президенті Фидель Кастроның шақыруымен Диего Марадона бірнеше жыл Кубада тұрған еді. Ондағы мақсаты кокаинге тәуелділіктен арылу еді. Сол кезде Фидель Кастроның жақтастары оны Марадонамен таныстырған және болған оқиғаны жасыруға тырысқан. Марадона былтыр қайтыс болғанымен, Альварес оның менеджері Гильермо Копполаны жауапқа тартпақ ниетте. Себебі, ол Марадонамен бірге Кубада болған.

Мавис Альварес, Марадонаның менеджері:

«Көшеде кетіп бара жатқан жерімнен бейтаныс біреулер маған қоқан-лоққы көрсетіп, белгісіз бір жаққа алып кетті. Фидель Кастроның өзі қысым жасағаннан кейін, менің отбасым көнуге мәжбүр болды. Марадона өзімен бірге көп уақыт бірге өткізуге мәжбүрледі. Бірер күннен кейін, кокин қабылдадым. Ол мені күнде ұрып-соғатын. Енді өз мақсатыма жеттім. Мұны бүкіл әлем білгенін қалаймын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *