Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

Көпбалалы аналар министрдің отставкаға кетуін талап етті

25 ноября, 2021
in Денсаулық
0
0
SHARES
47
VIEWS

Вакцинадан кейін 4 оқушының жағдайы ауыр халде. Оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев елді мекеніндегі мектептердің бірінде болған. Осы мазмұндағы ақпарат әлеуметтік желіге жарияланып, елді дүрліктірді.  Бұл мәлімет қаншалықты рас? Бас дәрігер не дейді? Нұрлан Сұлтанбек анықтап көрді. 

Әлеуметтік желіде желдей ескен бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жазбадағы мәліметті жауаптылар жоққа шығарып отыр. Керісінше, ол ауданда екпе алғандардан ешқандай шағым түспеген дейді. Ал, күні кеше басталған ревакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Үкімет отырысында осылай деген Алексей Цой,  жаңа дозаның кері әсері байқалмағанын алға тартты.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

 «Елімізде эпидахуал тұрақты. Біз жағдайдың одан әрі жақсарғанын қалаймыз. Дегенмен коронавирустың ешқайда кетпегенін ұмытпаған жөн. Еуропада не болып жатқанын көріп отырсыздар, локдаун жариялап жатыр. Бұл көршілес Ресейге де қатысты, сондықтан біз сақтық шараларын күшейте түсуіміз керек».

Сондай-ақ Цой министрлікте шу шығарған антиваксер аналарға да қатысты түсініктеме берді. 19 қараша күні елордалық көпбалалы аналар министрдің отставкаға кетуін талап етті. Дегенмен екпені ерсі көріп, сынағандардың басым көпшілігі вакцина қабылдаған дейді ол.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

 «Таяуда «коронавирусқа қарсы вакцина алуды міндеттемеңіздер» деп талап қойғандар болды. Менің айтарым, Қазақстанда вакцина алу міндетті емес, ешкімді ешкім мәжбүрлемейді. Екпе алғыңыз келмесе, ерік өзіңізде, сізге ешкім қинап вакцина салмайды. Ал ревакцинацияға келсек, ол қайта екпе алып, иммунитетімді күшейтемін деушілерге арналып отыр».

Түркістан облысында екпе алу екпіні жоғары. Аймақта  Pfizer вакцинасын 9 мыңнан астам адам қабылдаған. Облыстың бас дәрігері қайта вакцинациялауға әсіресе отандық екпе қорының жеткілікті екенін мәлімдеді.

Марат Пашимов, облыстық  қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

«Қазіргі таңда облысымызда халықты ревакцинациялау үшін «КазВак» вакцинасы жеткілікті мөлшерде. Отандық вакцина өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеген. Әлемде Covid-19 инфекциясын  жеңудің  бірден-бір жолы вакцина салдыру екені дәлелденді. Сондықтан экономикасы мықты мемлекеттердің  барлығы екпе алушылар контингенттерін кеңейту үстінде».

«Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны –9098 адамды құрайды. Оның ішінде 7005-і жасөспірімдер болса, 1424 – жүкті және лактация кезіндегі әйелдер – 669. Мамандар жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда ғана екпе салынатынын айтады. Қазіргі уақытта облыс бойынша, Pfizer вакцинасын салдыруға ниеттілердің саны артқан. Жалпы Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының 17550 дана мөлшеріндегі екінші партиясы жеткізілген.

Tags: Алексей Цойвакцинацияэпиахуал
Алдыңғы жаңалық

Итке сүйек тастағандай: депутаттар 5%-дың күлкілі екенін ескертті

Келесі жаңалық

Өз отбасынан қорлық көргендер қайда барады?..

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
Денсаулық

Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

17 октября, 2022
Денсаулық

Елде жыл сайын 5000 әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады

14 октября, 2022
Елордалық дәрігерлер Атыраудан келген 5 жастағы науқасқа инновациялық ота жасады
Денсаулық

Елордалық дәрігерлер Атыраудан келген 5 жастағы науқасқа инновациялық ота жасады

22 сентября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

Өз отбасынан қорлық көргендер қайда барады?..

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz