4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН
Денсаулық

Елде жыл сайын 5000 әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады

Бұл туралы ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда жыл сайын 5000-ға жуық сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқас анықталады. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі әйелдердегі қатерлі ісіктер құрылымында 1-орында тұр. Орта есеппен елімізде жыл сайын 5000-ға жуық сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқас анықталып, 1200-ге дейін әйел қайтыс болады, – деп атап өтті дәрігер.

Айтуынша, сүт безі қатерлі ісігінің ерте сатысында уақытылы диагноз қойылған кезде пациенттердің толық емделуіне 95% мүмкіндік бар.

Республикамызда 10 жылдан астам уақыт бойы сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша әйелдерге арналған Ұлттық скрининг жүргізіліп келеді. Тегін скринингті тұрғылықты жері (тіркелген жері) бойынша емханаларда 40-70 аралығындағы әйелдерге өтуге болады. 2021 жылы сүт безі қатерлі ісігінің скринингі бойынша 787 619 әйел тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша сүт безі қатерлі ісігі 1 403 әйелдерде анықталды. Онколог маман ретінде әйелдерге гинеколог пен маммологтан кемінде жылына бір рет тексерілуге кеңес беремін, – деді Диляра Радикқызы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *