Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Экономика

Көлік салығы кешірілуі мүмкін

20 декабря, 2021
in Экономика
0
0
SHARES
40
VIEWS

Жол апатынан кейін пайдалануға келмейтін, бірақ есепте тұрған көліктердің салығын есептен шығару ұсынылды. Бұдан бөлек, қайтыс болған және басқа елге көшіп кеткен адамдардың салығы «кешірілуі» мүмкін

Қаржы министрлігі көлік жүргізушілерінің кейбір санаттары бойынша салық амнистиясын өткізуді ұсынып отыр. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Отырыс кезінде депутат Жұлдыз Сүлейменова салықтық және кедендік рәсімдерді цифрландыру жұмысына тоқталып, көлік салығын қате есептеу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, өткен жылы 10 мыңнан астам қазақстандықтың көлік салығы дұрыс есептелмеген. Содан барлығы e-Salyq Azamat қосымшасы арқылы қателікті түзетуге өтініш берген. Олардың арасында көлігі жоқ азаматтар да болды.

«Осындай ақаулықтар неден шығатынын сұраған кезде ішкі істер министрлігі мен қаржы министрлігі ешқандай қателік жоқ, бәрі дұрыс істеп жатыр деп жауап беріп жатады. Ішкі істер министрлігі барлық мәлімет уақытында және қатесіз беріледі десе, қаржы министрлігі есеп-қисапта қате кетпейді деп ойлайды. Сөйтіп, бір-біріне сілтейді. Ал көлік салығына қатысты проблема шешілмей қалады. Сонымен, қателіктердің нақты себебі неде? Осы бір сұраққа жауап беріңізші?», – деді Сүлейменова.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, көлік салығын түзету жұмыстары жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін екі министрліктің мамандары бір миллионға жуық адамның деректерін жаңартып шықты. Көлік салығына қатысты проблеманың нақты себебі де анықталды. Бүгінде адамдар көлікті есептен шығармай, сенімхатпен сата салады. Содан көлік салығы бұрынғы иесіне келе береді.

«Сосын бізде қайтыс болған немесе 1960-1970 жылдары басқа елге көшіп кеткен азаматтар бар. Ескі автомобильдер де аз емес. Оны ешкім мінбейді. Ал жол апатына түскен көліктер пайдалануға келмейді. Соның бәрі бөлшек сауда арқылы сатылады. Біз осы санаттағы көліктерге қатысты ұсынысты үкіметке енгіздік. Бәлкім, амнистия жасаған дұрыс шығар. Ол көліктер жоқ қой. Біз ішкі істер министрлігімен тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деп жауап берді министр.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінде eSalyq Azamat қосымшасында 800 мың адам тіркелген.

Tags: жол апатыкөліксалықҚаржы министрі
Алдыңғы жаңалық

Тихановский 18 жылға сотталды

Келесі жаңалық

Қош бол, касса аппараты!

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА БИЫЛ 16 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА БИЫЛ 16 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

23 апреля, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КҮНБАҒЫС МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КҮНБАҒЫС МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

23 апреля, 2025
Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжап отыр
Басты жаңалықтар

Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжап отыр

23 апреля, 2025
Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды
Экономика

Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

15 февраля, 2024

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025
Келесі жаңалық

Қош бол, касса аппараты!

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz