4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Кәрім Мәсімовке қатысты тергеу жұмыстары күзге қарай бітеді

ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты істі тергеу қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауға алу мерзімі тағы ұзарды. Қашанға дейін ұзартады?”, – деп сұрақ қойды журналистер.

“Күзге қарай анықталады деп ойлаймын. (…) Менің білуімше, іс материалдары құпия. Сірә жабық (сот – еск.) өтеді. Мұны сот органдары анықтайды. Бәрібір онда мемлекеттік құпиялар бар”, – деп жауап берді Амерханов Мәжіліс отырысынан кейін кулуарда.

Сондай-ақ, журналистер қаңтар оқиғасын тергеу қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін сұрады.

“Іс жүргізу бойынша үш айға ұзартуға құқығымыз бар. Әр үш ай сайын. Жоқ, бұл жылдарға созылмайды. Бірақ өте ауыр мәселе, тағылған айыптар ауыр”, – деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Ол қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні неге әлі күнге дейін жарияланбағанын түсіндірді.

“Оларды санатқа бөлу керек, кім қалай қаза болды. Біреу тонауға қатысқан, біреу шабуыл жасаған, біреу абайсызда қаза болған”, – деп қосты ол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *