4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Интернеттің сапасына наразы

Ел бойынша интернет мәселе әлі өзекті. Өйткені көбіне тұтынушының құқығы сақталмайды. Былтыр 928 елді мекенге интернет тартылса, оның 60 проценті сапасыз. Әсіресе, өңірлердегі жағдай алаңдатарлық. Депутаттардың айтуынша, айыппұл сомасы аз болғандықтан, ірі компаниялар байланыс сапасын арттырудан гөрі айыппұл төлеп құтылуды жөн көреді. Енді мұндай операторларға талап күшейеді.

Жанна Телпекбаева – ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабына сәйкес, ірі кәсіпкерлік субъектісі үшін айыппұл 100 АЕК-ті, бір жылдың ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін 200 АЕК-ті құрайды. Бұл ретте ірі кәсіпкерлік субъектісі заң бұзушылық фактісін мойындаған кезде, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 50 пайыз, яғни 50 немесе 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге құқылы».

Сондай-ақ, өткен аптада ғана ұсынылған әскерилердің қызметтік үйі отбасында қалуы жөніндегі жоба да мақұлданды. Ол үшін «Әскери қызмет мәртебесі» туралы заңға түзетулер енгізді. Әскери қызметшілердің қару қолдануын белгілейтін редакция болмайды. Және де сол мамандардың дене күшін, жауынгерлік күрес тәсілдерін, арнайы құралдар мен қаруды қолданатынын белгілейтін заң алынып тасталды.

Ерлік Тайжанов – ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
«Бұл өзгерістер әскери қызметшілердің құқықтарын реттеу мәселелерінде кешенді тұрғыда келуде қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты. Сенат енгізген түзетулер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді».

Бұдан бөлек, ерекше қажеттіліктері бар балалардың медициналық оңалту қызметтерінде қиындық туындамайды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қою мерзімі де қысқартылады. Кәмелетке толмағандар арасында жәбірлеу, буллинг көріністерін алдын алу мақсатында «жәбірлеу» ұғымы да заңнамалық күшке енді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *