4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Билік

Жаңа Қазақстанда неге жаңа кадрлар жоқ?

Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев «Желмая» жобасында Жаңа Қазақстандағы кадрлар мәселесі жайлы айтты, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ тілшісі.

Сұхбат барысында Бердібек Сапарбаевқа Жаңа Қазақстанда неге жаңа кадрлар жоқ деген сауал қойылды.

Жаңа кадр мүлдем жоқ деп айтуға болмайды, кадрды іздеу керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жан-жақтан жастарды жинап, Кадрлер резерві құрып отырғандағы мақсаты да сол. Кадр саятатында үш принцип бар. Бірінші – оларды іріктеу керек, екінші – жұмысқа орналастыру, үшіншіден тәжірибе жағынан тәрбиелеу қажет,-деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар ол президент жанындағы Басқару академиясында арнайы тәжірибе сабағы болу керек деген ойын айтты. Бұрынғы әкім, министрлер мен мен олардың орынбасары болған адамдар академияда сабақ беріп, тәірибелерімен бөлісуі керек.

Барлық жұмыстың тәсілі кітапта жазылмайды. Олар теориямен шешілмейді. Өмір болған соң кез келген жағдай болады. Лауазымда болған адамдар соның бәрін жастарға түсіндіруі керек. Менің ойымша қазіргі өсіп келе жатқан ұрпаққа тәжірибе жетіспейді. Олардың теориялық білімі жақсы, енді тәжірибе жағынан қолдау керек. Президенттің өзі бұрынғының бәрін жаман деп айтуға болмайтынын, оның жақсы жағын алып қазіргі заман талабына сай өзгеріс енгізу керектігін айтты. Бұрынғы кадрлардың барлығын жіберіп, жастар ғана қалсын деген дұрыс емес. Сабақтастық деген болу керек,-деді Сапарбаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *