4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Еліміздің барлық мектептері тексеріледі

Қазақстанда жыл сайын 800 жуық орман және дала өрті тіркеледі. Салдарынан 167 мың гектар орман алқабы жойылып кеткен. Биыл да жоғары өрт қаупі сақталып отыр. Өйткені жаз мезгілі жылдағыдан ыстық болады деп күтілуде. Осылай деген премьер-министр Әлихан Смайылов жауапты министрлікке бірқатар тапсырма берді. Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, елдегі барлық оқу орнының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексермек.

Әлихан Смайылов – ҚР Премьер-министрі:
«Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге балаларды сауықтыру лагерлері, санаторийлер мен демалыс аймақтарында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алсын.Экология министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге орман және табиғатты қорғау мекемелерін өртке қарсы техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру шараларын қабылдасын. Күштер мен құралдардың табиғи өртте шұғыл әрекет етуге дайындығын қамтамасыз етсін. Сондай-ақ ірі өрттерді сөндіруге авиацияны тартуды қарастырсын».

Ал, экология министрі өртке жол берген орман күзетінің 200-ге жуық қызметкер жазалағанын мәлімдеді. Бұған себеп- өткен жылы Қостанай мен Алматы облысында аса ірі орман өрттері жиі болды. Қызметтік тексерулер жүргізіліп, нақты себептері анықталды. Төтеншеліктердің шалғай жерлерге баруы мен радиобайланыстың болмауы тілсіз жаумен күресті қиындатып отыр екен. Сондай-ақ орман күзетінің техника және құралдары ескіріп, нашар жабдықталғаны анықталған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *