Чехияның оңтүстік батысындағы Домаждице қаласының маңында Мюнхен – Прага экспресі (қозғалыс ережелерін бұзған) және Пльзень қаласынан шыққан жолаушылар пойызы бір-бірімен соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты. Оқиға орнында үш медициналық тікұшақ, сондай-ақ полиция әуе кемесі, жедел қызмет жұмыс істеп жатыр.
Ресми деректерге сүйенсек, пойыз машинисінің қызыл түстен өтіп кеткені апатты жағдайға себеп болған.
“50-ге жуық адам жарақат алды. Жағдай күрделі. Оқиға орнына бара жатырмын”, – деп хабарлады Чехия көлік министрлігінің басшысы Карел Гавличек.