4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Қазақстан

Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

Hyundai Қазақстанда зауыт ашқысы келетін Қытайдың үш автокөлік брендімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Hyundai қазір Қытайдың үш ірі компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Қытайдың ең танымал брендтері осында Hyundai-мен бірге зауыт ашып, локализация жасамақшы. Халықтың автокөлікке деген сұранысы біздің автоөнеркәсіптің дамуына мүмкіндік береді”, – деді Өскенбаев.

Журналистер министрге жеңілдетілген автокөлікті несиеге алу кезегі үш мыңға жеткенін айтты.

“Бұл өте жақсы, өйткені қазір бізде автокөлік өндірісі ұлғайып жатыр және тұрғындардың отандық көліктерге сұранысы жоғары, өндіретін көліктердің көлемін одан әрі арттыруымыз керек”, – деп түсіндірді министр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *