4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Экономика

Екі облысты жалғайтын 24 шақырым жол жөнделді

Түркістан облысы Созақ ауданы мен Жамбыл облысының Сарысу ауданын жалғап жатқан жол жөнделіп, пайдалануға берілді. Тозығы жеткен 24 шақырымды жаңарту 2020 жылдың тамыз айында басталған болатын. Ашылу салтанатына келген екі облыстың сала басшылары мен ақсақалдарының қуанышында шек жоқ.

Айта кетейік, тапсырыс беруші – Түркістан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме – «Шымкентдорстрой» ӨК». Техникалық қадағалаушы мекеме – «Оңтүстік жолдары» МКК.

Сондай-ақ, қазір Кентау қаласы мен Түркістан халықаралық әуежайын жалғайтын жаңа жолдың құрылысы жүріп жатыр. 2020 жылдың желтоқсан айында басталған жөндеу жұмыстары 2022 жылға жалғаспақ. Мердігер мекеме – «Корпорация «Береке А» ЖШС. Екі ортаның қашықтығы – 26,6 шақырым болса, жолдың ені – 9 метр. Жобаның жалпы құны – 8 млрд 58 млн теңге.

Түркістан облысындағы қарқынды жүріп жатқан жұмыстардың бірі – «Кентау қаласындағы облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл облысы шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-Р-31» автомобиль жолының 76-91 шақырымын жөндеу. Ұзындығы – 15 шақырым, ені – 6 метр жерде қызу жұмыс осы қыркүйекте басталды,  2022 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-7 «Екпінді-Шалдар-Сарқырама-Кеңес-Бірлік» ұзындығы – 36 шақырым, ені – 6 метр автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүруде. 2022 жылы аяқталады деп көзделген бұл жобаға тапсырыс беруші – Түркістан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме – «СТ-Сервис» ЖШС.

Айта кетерлігі, Түркістан облысы құрылғалы 3 жылда өңірде 5 мың шақырымға жуық жол пайдалануға берілген.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *