4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Дәрігер COVID-19-дың балаларға қаупі қандай екенін айтты

 

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 10 мыңнан аса бала коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған балалар саны 10 мыңнан асады. Бұл стационарлық және амбулаториялық ем алған науқастар.
Балаларда вирус өте ауыр түрде өтеді. Инкубациялық кезең ересектер сияқты 4-тен 14 күнге дейін. Бірақ балалардың бірден бірнеше органына әсер етуі мүмкін. Бұл денеге теріс әсер береді. Сондықтан, біз тұрғындар вакцина салдыру керек екенін айтудан жалықпаймыз. Осылай өзіңізді ғана емес жақыныңызды, достарыңызды, туыстарыңыз бен ұжымдастарыңызға қауіп төндірмейсіз”, – деді Мұратов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, бүгінде коронавирус жұқтырған 74 бала стационарлық деңгейде емделіп жатыр, оның ішінде 7 бала ауыр жағдайда. Бірақ палатаға ауыстырылып, жағдайы тұрақталған. Жансақтау бөлімінде балалар жоқ.
Соңғы тәулікте 12 балада коронавирус анықталды. 834 бала үйде емделуді жалғастырып жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *