Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Көліктер тағы қаңтарылып қалды…

1 октября, 2021
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
42
VIEWS

дизель отынының 210 мың тонна ғана қоры қалды дейді мамандар

Дизель отынының тапшылығы – халықты әбден әбігерге түсірді. Әсіресе, ауыр жүк көлік жүргізушілерінің қалтасын қағуда.  Тіпті, кейбір жанармай құю бекеттерінде дизель майы атымен жоқ. Солярка бағасының бірден өсуіне не себеп? Энергетика министрлігі қандай шара қолданбақ? Тілшіміз Әлия Мұхтарқызы зерттеп көрді.

Балаларының несібесін осы жүк көлігімен тауып отырған Әбдірахман Абылазовтың бұл іспен айналысып жүргеніне 6 жыл. Апталап алыс жолға аттанатын азамат: «ас-ауқатым болмаса да, жанармайым діттеген орныма жеткізсе, сол бір – бақыт», – дейді. Дизельмен ғана жүретін жүк көлігінің иесіне отын тапшылығы қиын боп тұр. Себебі аймақтағы жанармай бекеттерінде бірнеше күннен бері сұйық отын жоқ. Барлары тек талонмен болмаса, тым қымбатқа сатып жатыр.

Әбдірахман Абылазов, Шымкент қаласының тұрғыны:

«Солярка жоқ. Қазақстанның өзінен шығып тұрса да жоқ. Талонмен де құймайды. Өз бағамы – 208 теңге, талонмен 260 теңгеге сатылады. Өзімізден шықса да, жанармайға жарымай отырмыз».

Жанармай бекеттерінің  меңгерушілері жоғары жақтан бекітілген бағамен ғана сатамыз деп қысқа қайырды.

Батырхан Абдуллаев, жанармай бекетінің меңгерушісі:

«Біз Газпром қойып берген бағамен сатамыз. 1 литрі – 208 теңге. Қазір келісімшартқа отырған компанияларға ғана беріп отырмыз. Оларға тауып беруге міндеттіміз»

Ал, Энергетика министрлігінің  Павлодар зауытының күрделі жөндеуіне қатысы болжамы орындалмай отыр. Ол зауыт жөнделгенге дейін дейін жеткілікті қор жинап аламыз деп ойлапты. Алайда дизель отынына сұраныс өскен соң, 210 мың тонна ғана қор қалды дейді.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:

«Павлодар зауытының тоқтауы республика бойынша дизель отыны балансына әсер етті. Біз 100 мың тоннаға жуық дизель отынын Ресейден импорттау керек екенін байқап отырмыз.  Ресейдегі әріптестерімен келіссөз жүргізудеміз. Соның арқасында Қазақстанға дизель отынын жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Дизель отынын тұтыну жағынан да рекорд орнатылған. Тамыз айында сұраныс 519 мың, қыркүйекте 500-518 мың тоннаны құраған»

Түйін: Дизель отынын тұтынудың рекордтық өсіміне бағасының төмендігі басты себеп екен. Мағауоватың сөзіне сенсек, қордағы отын шамамен 11-12 күнге жетеді. Ал, Павлодардағы зауытындағы жөндеу жұмыстары қазан айының соңында аяқталуы тиіс. Сол кезде отын өндірісі реттелмек. Демек, соляркамен жүретіндерге әлі де сабыр сақтай тұруына тура келетін сияқты.

Tags: жүк көліктеріПавлодар зауытысоляркаталон
Алдыңғы жаңалық

Қарттарға құрмет көрсетілді

Келесі жаңалық

Түркістан ұлттық санақтан көш бастап тұр

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Түркістан ұлттық санақтан көш бастап тұр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz