Вакцинация паспортын сатып алған адам жан сақтау бөліміне түсті

Павлодар қаласында вакцинация паспортын сатып алған тұрғын жан сақтау бөліміне түсті,- деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте айтылды.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас сауалнамадан өту барысында вакцинация паспортын сатып алғандығын, COVID-19 вакцинасын алмағанын мойындаған. Науқастың берген мәліметіне сүйенсек, ол жалған құжатты Павлодар облысынан алмаған.

“Павлодар қаласының тұрғыны мен оның туыстары вакцинация паспортын сатып алынғанын мойындады. Әйел жалған төлқұжат алғанына өкінді”, – дейді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ардақ Сейітқазинов.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
“Асқыну себебін түсіну үшін науқастардың вакцина алған-алмағанын сұраймыз. Бұл жағдайда біреуді әшкерелеу мақсат болған жоқ. Бірақ, бұл – факт. Науқас реанимацияға жатқызылды және қазір ауыр халде жатыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған”, – деді Сейітқазинов.

Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінде облыстың инфекциялық-диспансерлік бөлімде 115 адам бар. Ал тамыздың басынан бері 47 науқас қайтыс болып үлгерген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *