4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Бәйдібектік тұрғын 583 мың теңгеге өз кәсібін ашты

Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылының тұрғыны Рамзия Абдуллина «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грант алып, өз кәсібін ашты.
Жоба шеңберінде арнайы курстан өткен кәсіпкер сәуір айында аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына «Сұлулық салонын ашу» жобасы бойынша өтініш білдіріп, мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алған. Грант қаржысы берілгеннен кейін керекті құрал-жабдықтарын алып, Шаян ауылынан ғимаратты жалға алып, сұлулық салонын ашқан.
Сондай-ақ, шаш қиюмен қатар қыз-келіншектердің шашын бояу, түрлі шаш үлгілерін жасау, тырнақ әрлеумен айналысып отырған грант иегері кәсібін алдағы уақыттa үлкейтіп, қосымша жұмыс көздерін ашуды жоспарлауда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *