4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Бір жылдай тергеуде болған полковник ақталып, жұмысына қайта оралды

Айгүл Маманова ақталып шығып, ішкі істер органдарына бұрынғы лауазымына қайта оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2021 жылғы сәуірде Қостанай облысы ПД тәртіптік комиссиясының қорытындысымен Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Маманова билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылған болаты.

Қостанай қаласының №2 сотының 2022 жылғы 8 сәуірдегі үкімімен Маманова қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылып, ақталып шықты, – деді Қостанай облыстық сотында.

Қостанай облысының полиция департаментінде қызметке қайта орналасу үшін Маманова сотқа жұмыстан босату және қызметке қайта тұру, жұмыссыз қалған уақыт аралығы үшін ақы төлеу, моральдық зиян өндіріліп алу және заңгерлік көмек көрсету туралы бұйрықтың күшін жою туралы талап-арызбен жүгінді.

Сот М. амбулаториялық емделуде болған кезде жұмыстан босату туралы бұйрық шығарылғанын анықтады. Қызметтік тергеу материалдары да тәртіптік теріс қылық неден көрініс тапқаны ашылмаған. Қостанай қалалық сотының 2022 жылғы 01 қыркүйектегі шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. Қостанай облысы ПД тергеу басқармасының Аймақтық бақылау бөлімі бастығының орынбасары- полиция полковнигінің лауазымынан босату туралы бұйрығы заңсыз деп танылды және күшін жойды, ішкі істер органдарына бұрынғы лауазымына қайта келді, -деді Қостанай облыстық сотында.

Сондай-ақ жұмыссыз жүрген уақыт ішінде жоғалған табыс өндірілді. Қостанай облысы полиция департаменті бастығының атына жеке ұйғарым шығарылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *