4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Бокстан қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, ерлер арасындағы ұлттық құраманы енді Қайрат Сәтжанов басқарды.

Жаңа бапкер Сәтжановтың бапкерлік өтілі – 31 жыл. 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.

Осы уақыт ішінде оның боксшылары “Азия балалары” халықаралық ойындарының медалін екі рет жеңіп алды, әлем чемпионаттарында екі рет үздік үштікке енді. Сондай-ақ Азия чемпионатында екі рет жеңіске жетті.

2019 жылы Сәтжанов Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Екі жыл ішінде спортшылар Азия чемпионатында екі рет командалық есепте жеңіске жетті және әлем чемпионатында екінші орын алды.

Ал бокстан әйелдер құрамасын енді Шәміл Сафиуллин басқарады. Ол бұған дейін бапкерліктен өз еркімен бас тартқан Ерік Алғабектің орнына тағайындалды.

Шәміл Сафиуллиннің бапкерлік еңбек өтілі 25 жылдан астам. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанда да, шетелде де жұмыс істеген.

Әлем чемпионаты жүлдегерлерін, Азия чемпиондарын және Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазын дайындады.

2018 жылдан бастап Сафиуллин бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінде еңбек етті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *