4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

“Бағаны тежеу керек”

Премьер-министр әкімдерге азық-түлік бағасын реттеуді тапсырды. Ол үшін қажетті механизмдердің барлығы бар екендігін баса айтты. Құбылмалы бағаларға тосқауыл болуға экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс істемек. Бүгінгі таңда шамамен 1 миллион 300 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жиналған. Және ол күн сайын жаңартылып отыр. Енді Үкімет инфляцияны тежеп, бағаларды ұстап тұру үшін қосымша шараларды әзірлеуде. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында инвестиция тарту жұмыстары да артады.

Әлихан Смайылов – ҚР Премьер-министрі:
«Қазіргідей күрделі кезеңде экономиканың өсу қарқынын сақтай отырып, әрі қарай жеделдету – аса маңызды міндет. Халықтың табысын арттыру, жұмыс орындарын құру және экономиканы әртараптандыру жұмыстарын барынша күшейту қажет. Бұл үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет 2022 жылға арналған Іс-қимыл бағдарламасын іске асыруда. Сондай-ақ, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленді. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдерге осы құжаттардағы іс-шаралардың сапалы және тиімді орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын».

Ал, Министр Қарашөкеев «қант тапшылығына қатысты алаңдауға негіз жоқ» дейді. Себебі еліміз жақында 250 мың тонна ақ қант пен шикі қантты импорттайды.Оның айтуынша, қазір елде 90 мың тонна қант қоры бар. Тұрақтандыру қорларында, сауда орындарында, қоймаларда тағы – 38 мың тонна. Зауыттарда 20 мың тонна дайын қант, сондай-ақ 20 мың тонна ақ шикі қант бар. Ол қазір өңделіп жатыр. Халықты алаңдатқан мәселе жөнінде Әлихан Смайылов жауапты министрден қайта пысықтап сұрады.

Ербол Қарашөкеев – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясын алсақ, 2,5 мың тонна қант бар. Осы қантты өңірлерге бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстанның 31 тамызға дейін 250 мың тонна ақ қант пен шикі қантты бажсыз әкелу құқығы бар. Квоталар қазір бөлініп жатыр. Сыртқы нарықтағы сауда қызметіндегі қатысушылар қантты әкелу жұмыстарын бастап кетті. Жақын арада алып келеді».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *