5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Балалармен сотталған бапкерлер жұмыс істеген

Балалардың спорттық және шығармашылық тапсырыстарын қаржыландыратын Artsport бағдарламасына тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі 2021 жылдың мамыр айынан бастап Алматыда бағдарламаны жүзеге асыруға 12,8 млрд теңге бөлінгенін мәлім етті.

Алдын ала тексеріс барысында прокуратура біршама заң бұзушылықтар анықталды.

“Бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық әрекеттер анықталды. Атап айтқанда, секциялар мен үйірмелерге мүлдем қатыспаған 2000-нан астам балаға жұмыстар актілері толтырылған. Өткізілген сабақтардың саны 5000-нан асады”, – делінген прокуратура хабарламасында.

“Аrtsport”-тың 935 қатысушысы ғанаіс жүзінде спорт мектептеріне барады.

Балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың 13-і бұрын-соңды сотталған әрі түрлі қылмыстары үшін жазаға тартылғаны анықталды. Прокуратураның мәлімдеуінше, жаттықтырушылармен еңбек шарттары жасалмай, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген.

Аталған алаяқтық фактілері бойынша қала прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.

Сонымен қатар, “Аrtsport”платформасының жұмысында да елеулі олқылықтар анықталды. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланбаған, балалардың дербес деректері қорғалмаған, басқа да кемшіліктер бар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *