4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

Ақылы жолдарды күтіп ұстауға кім жауапты?

2021 жылдың 23 қарашасынан бастап Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 321 шақырымы ақылы жүйеге енді. Оларды күтіп ұстау жұмыстары, нақтырақ айтсақ, «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Тараз» бағыттарын «ШымкентСпецКомплекс», «Шымкент-Қызылорда» бағытын «South Road» компаниясы жүргізеді. Қалған 402,1 шақырым автожолға «Қазақавтожол» жауапты. Жалпы жолдарды қысқы күтіп ұстауға жалпы 67 техника жұмылдырылған. Облыста 11 өндірістік база бар. Қысқы маусымда көктайғаққа қолданылатын құм 8500 м3, тұз 675 тонна инертті материалдар дайындалған. Бұл материалдардың сапасы мен күтіп ұстау жұмыстарының жай-күйін, техникалық дайындығын «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» тексереді. Республикалық кәсіпорынның облыстық филиалы мамандары қыс мезгілінде 17 рет тексеруге шығып, зертханалық талдау жасау үшін 18 сынама алған.



Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *