4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Ахмет Байтұрсынұлына арналған музей-үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Торғай селосының Ахмет Байтұрсынұлы ауылында Ұлт ұстазына арнап салынып жатқан музей-үйдің құрылысы тамыздың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін жұмыс сапарымен Амангелді және Жангелдин аудандарына бардым. Алдымен, «Әулиекөл – Жалдама» тас жолының 50 шақырым учаскесінің орташа жөндеу барысын тексердім. Жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Сапар аясында Жангелдин ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ауыл мен Торғай селосына бардым. Мұнда Торғай өзені арқылы өтетін көпірге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстым. Көпірді жөндеуге 200,8 млн теңге қаражат бөлінді. Одан кейін А. Байтұрсынұлы музей-үйі мен медициналық пункт құрылысының барысымен таныстым. Қазіргі уақытта мұнда нысанның іргетасын құю, шатырын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарын осы айдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», – деп жазды Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов. Сонымен қатар, өңір басшысы биыл Торғай селосына қарасты 16 ауылға 3G/4G стандартындағы мобильді интернет тартылатынын жеткізді. Еске салсақ, бұған дейін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылатын шаралар туралы баяндаған болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *