4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Асқар Омаров Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Асқар Қуанышұлы Омаров ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Асқар Омаров 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Тұран» университетін бітірген. 1997-1998 жылдары «Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығы» әлеуметтік-экономикалық проблемалар секторының жетекші маманы болған. 1998-1999 жылдары «Қазақстанның Шағын Бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман, 2001-2005 жылдары «РГ» новости недели» ЖШС тілшісі қызметін атқарған. 2005-2006 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» РТО филиалының ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясы Алматы бюросының шеф-редакторы болып еңбек еткен.

Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2008-2010 жылдары «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары болды. 2011-2013 жылдары «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті, 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарушы директоры, 2016-2017 жылдары қоғамдық қордың президенті ретінде қызмет етті. 2017-2021 жылдары «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС Бас директоры болды. 2020 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазАқпарат» ХАА АҚ Басқарма төрағасы болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *