5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Астаналық кәсіпкер алаяққа 36 млн теңгесін беріп қойды

Елордада кәсіпкер алаяққа 36 млн теңгесін беріп қойды, деп хабарлайды Turkistanzaman ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті «Алматы» ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады.

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаскүнемді Алматы қаласында қолға түсірді», – делінген Полиция департаментінің мәліметінде.

Ұсталған күдікті екі ЖШС басшыларының арасында туындаған сот процесін шешіп беруге уәде еткені анықталды. Ол заңгер қызметін көрсету желеуімен сенімге кірген. Сот процесін жәбірленушінің пайдасына шешіп беретінін айтып, фирма директорының 36 млн теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам қамауда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарды қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді», – деді полициядан.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *