Альпі тауларында мұздық еріп жатыр

Альпі тауларындағы мұздықтар мен қар рекордты жылдамдықпен еріп жатыр. Бұл аймақтағы туризмге кері әсер етуде, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ.
Мәселен, Швейцариядағы Еуропаның ең үлкен шаңғы тебу демалыс орыны – Церматқа адам аз келетін болған.

Биыл бұл жердегі мұздықтардың биіктігі 5 сантиметрге төмендеп, ауа температурасы 0,3 градусқа жылынған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерісіне арналған есебінде 2100 жылға қарай Альпідегі мұздардың 80 пайыздан астамы еритіні көрсетілген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *