4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Билік

Алексей Цой вакцинациядан кейін коронавирустан қайтыс болғандар санын жария етті

 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина алғаннан кейін коронавирустан қайтыс болғандар санын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпы, коронавирус инфекциясынан 4 969 адам, оның ішінде вакцина алған 115 адам қайтыс болды. Яғни, бұл жалпы қайтыс болғандардың 2,5 пайызын құнрайды. Қайтыс болғандардың басым бөлігі, 97,7% вакцина алмағандар. Бізде өңір аралық мәлімет те бар.
Вакцина алғанымен қайтыс болған адамдарда созылмалы аурулар болған. Дәл осы жайт олардың жай-күйлерінің нашарлауына және өмірден озуына себеп болған», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, созылмалы аурулары бар азаматтарға вакцина алуға кеңес беріледі. Өйткені, олар қатер төнетін топқа жатады. «Бірақ, тағы да қайталап айтқым келеді, қайтыс болған азаматтардың басым бөлігі вакцина алмаған. Күрделі аурулардың барлығы семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесіндегі, тыныс алу жүйесіндегі ауруларға байланысты»,- деді министр.
Осы ретте министр вакцина алғаннан кейін қай өңірде қанша адам өмірден озғанын да атап өтті. «Қазақстанда вакцинациядан кейін 115 адам қаза тапты. Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында – 3, Алматыда – 17, Атырау облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қарағанды облысында – 9, Қостанай облысында – 1, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 2, Нұр-Сұлтанда – 32, Павлодар облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында – 0, Шымкент қаласында 27 адам», – деді Алексей Цой.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *