Азық-түлік себеті 91 есе өскен

Еліміз 30 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Халық табысы, өмір сүру деңгейі, бала туу көрсеткіші де өсті. Сонымен қатар, шығын да еселенді.

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында азық-түлік себеті шамамен 91 есеге қымбаттаған. 1993 жылы азық-түлік қоржыны 73 теңге 28 тиын болған. Ал бүгінде дәл осы өнімдер 11 508 теңге.

Сандарды сөйлетіп көрсек. Теңге енді айналымға енгенде бірінші сұрыпты ұнның келісі 53 тиын болса, бүгінде – 163 теңге. Ал күріштің құны қазір 366 теңге. Күнбағыс майының баға айырмасы – 755,  сары майдың айырмасы – 2827 ге тең.  Одан өзге, теңге айналымға енген жылы картоп 2, сәбіз 3 теңге болса,  бүгінде картоп 138, сәбіздің құны 150 ге жетті. Одан өзге, қант құны да бірнеше есе өсті. Баға айырмасы 286-ға тең болды. Ал тұз бүгінде бөлшек саудада 54 теңгеге сатылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *