Облыста аграном тапшы. Ауыл шаруашылығы мамандығына сұраныс жоғары болғанымен, жастар арасында оны оқуға ынталылар аз. Әйтпесе шаруа қожалықтары тәжірибелі қызметкерлер түгілі, жас маманға мұқтаж. Тіпті, кейбір оқу орындары студент толмағандықтан, лицензиясын қайтарып беруге мәжбүр болған. Тақырыпты Жандос Тастемір тарқатады.
Маман тапшылығына тап болғандардың бірі – Қазғұрттағы мына шаруашылық. Кәсіпкер 10 гектар алқапқа бау егу ісін осыдан 5 жыл бұрын қолға алған. Биыл мол өнім аламыз ба деп күткенде суық ұрып, өнімі үсіп қалыпты. Әбдімүтәліп Батырбековтың негізгі мамандығы – экономист. Қосымша шаруашылықта аграном болып жүр. Кейде тіпті жеміс-жидекке қандай дәрі беру керектігін білетін маман таппай қаламыз – дейді ол. Сондықтан шаруада шатқаяқтаған.
Әбдімүтәлі Батырбеков, агроном:
«Біз көп қиыншылықтарға кезіктік. Солардың бірі – кадр тапшылығы. бізде аграном маман жоқ. Көбіне интернеттен мәлімет аламыз, сосын сырттан адам жалдауға тура келеді. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін, оқушылар аграномия саласына барса деген тілегім бар.
Кезінде бұл агрономия саласы мамандарын даярлап шығаратын облыс орталығындағы беделді оқу орындарың бірі болатын. Жыл сайын 75 студент түлеп ұшатын. Әйтсе де солардың басым бөлігі басқа салаға кетіп қалған. Тіпті соңғы жылдары талапкер келмейтін де болды. Сол себепті 2016 жылдан бері бұл саланы мүлде оқытпайды. Жастарды ынталандыру үшін тегін грант та ұсынған. Алайда, сұраныс жоқ. Бұл саланы көбіне жоғары оқу орнына грант ала алмағандар таңдайтын көрінеді.
Алтынбек Кенжебеков, колледж басшысы:
«Жұмыс берушіден сұраныс болғанымен, жұмыскерлерден сұраныс жоқ. Ата-аналардың арасында да балаларын агроном еткісі келетіндер шамалы ғана. Оқуға түскендердің өзі орта жолдан тастап кеткен кездері көп. Ресми жұмысқа тұру да – қиындау мәселе».
Мұнда тәжірибе жүзінде сабақ өтуге барлық жағдай жасалған. Қажетті кітаптар мен арнайы құралдар музейдегі жәдігердей бір бұрышта қаңтарылып тұр. Себебі көбі жеңіл ақша тауып, қара жұмысқа салынғысы келмейді, — дейді нәсібін егістіктен тауып отырған диқандар.