Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

ТҮРКІСТАН: «САЯЛЫ САРЫАҒАШ» АНСАМБЛІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: «САЯЛЫ САРЫАҒАШ» АНСАМБЛІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
25 апреля, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
8
VIEWS
Қазақтың әйгілі композиторы, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай, Сарыағаш ауданында «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблінің «Тұран рухы» атты шығармашылық кеші өтті.
Ел тарихын бүгінгі күнмен ұштастырып, сазды аспаптар арқылы сөйлеткен өзгеше кешке Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, өнерпаздарға жылы ыстық ықыласын білдірді. Шығармашылық кешке Түлкібас ауданынан арнайы келіп өнер көрсеткен «Аршат» ансамбліне де арнайы құрмет көрсетті.
Халықаралық үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүрген ұлттық ұжым шығармашылық бұл кеште де тыңдармандарын тамсандырып үлгерді. Көрерменді ерекше сезімге бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй арқылы рухтандырды.
1996 жылы мәдениет майталманы, ел арасында ұлттық өнердің жанашыры Әбләзім Жаншуақовтың бастамасымен құрылған «Саялы Сарыағаш» ұлт-аспаптар ансамблі бүгінде еліміздің мәдени өміріндегі айтулы өнер ұжымдарының біріне айналды.
Ансамбльдің шығармашылық жолындағы алғашқы ірі жеңістерінің бірі – 2000 жылы өткен Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын орындаушыларға арналған облыстық «Аққу» байқауында жүлделі І орынды иеленуі болды. Бұл жеңіс ансамбль мүшелерінің кәсіби шеберлігін, қазақтың төл өнеріне деген сүйіспеншілігін дәлелдеді.
Ансамбльдің басты ерекшелігі — ұжым құрамында небәрі алты өнерпаз болса да, бір ғана шығарманың өзінде әрқайсысы бір уақытта бірнеше аспаптың құлағында еркін ойнайды. Жалпы ансамбльде 15-ке жуық ұлттық аспап түрлері қолданылады. Олардың қатарында: домбыра, қобыз, шертер, сыбызғы, шаңқобыз, асатаяқ, дауылпаз, жетіген, нар қобыз, мүйіз сырнай бар.
Ансамбльдің репертуарында 40-тан астам туынды бар. Олардың қатарында халық әндері мен күйлері, Құрманғазы, Дәулеткерей, Шернияз, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері, сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиев сынды қазақ композиторларының әндері мен шығармалары орын алады.
2008 жылдың мамыр айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің №159 бұйрығына сәйкес ансамбльге «Халықтық» атағы берілді. Бұл мәртебе – ансамбльдің ел мәдениетіне қосқан елеулі үлесінің айғағы. 2011 жылдан бастап ансамбль заман талабына сай қайта құрылып, этно-фольклорлық бағытқа бет бұрды. Ұжым ұлттық өнерді халық арасында кеңінен насихаттап, дәстүрлі өнердің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Бүгінде «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі республикалық және облыстық деңгейдегі іс-шаралардың тұрақты қатысып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
и ещё 9
Gúldana Bekbayeva
Алдыңғы жаңалық

«Таза Қазақстан»: @TazaQazBot телеграм-чат-ботына 16 мыңнан астам өтінім түсті

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ҚАРАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА
Uncategorized

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

26 октября, 2025
Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда
Uncategorized

Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда

26 октября, 2025
АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ
Uncategorized

АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

26 октября, 2025
САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!
Uncategorized

САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!

26 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ҚАРАЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz