Қазығұрт ауданында бекітілген жоспарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және рұқсатсыз қоқыс тастауға жол бермеу мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан мекемелерінің қызметкерлері, жастар және ауыл тұрғындары белсене қатысты.
Ауданның барлық ауыл округтерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Таңмен таласа шыққан мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары көшелер мен саябақтарды, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, қураған ағаштар мен қоршауларды ретке келтірді.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов сенбілік барысын бақылап, жауапты мекемелерге экологиялық іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды. Тазалық – әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екенін айтып, тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырды.
Сенбілік жұмыстары аудан аумағында алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ең көп өтініштер Алматы, Астана және Түркістан облыстарының тұрғындарынан түскен. Ұлытау, Павлодар және Атырау облысы тұрғындарының белсенділігінің төмендігі байқалады.…
Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың Түркістанға сапары аяқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мәртебелі мейманды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев…
VII Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Turkistanzaman BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. Кинофестивальдің ұлттық байқауындағы басты марапат…