Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК БАСТАУЫ – БЕРЕКЕЛІ ТҮРКІСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА XXVIІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК БАСТАУЫ – БЕРЕКЕЛІ ТҮРКІСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА XXVIІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
30 мая, 2025
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Қоғам
0
0
SHARES
4
VIEWS
Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік бастауы – берекелі Түркістан» тақырыбында XXVIІ сессиясы өтті. Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, ҚХА Кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, аудан, қала әкімдері, Түркістан облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері және жастар ұйымдары қатысты. Сессия отырысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев модераторлық етіп, сессия жұмысы іргелі істерді одан әрі қарай дамыту бағытында ой бөлісіп, пікір алмасатын ашық алаң екенін жеткізді.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров этнос өкілдерінің аймақты дамытуда атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, сессия жұмысына сәттілік тіледі.
– Ассамблеяның 30 жылдығы – егемен еліміздің тарихындағы айтулы оқиға. Аталған институт этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолында тиімді саясат жүргізе алатын ұйым ретінде танылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ассамблеяның ХХХІV (34) сессиясында маңызды ойлар айтты. Ел бірлігі мен ынтымағы Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал етіп отырғанына тоқталып, этномедиация институтын дамытуды атап өтті. Соңғы жылдары Түркістан облысында медиация саласы айтарлықтай көрсеткіштерге жеткенін айта кеткен жөн. Былтыр Ассамблея сессиясында Президентіміз облысымыздағы этномедиацияға қатысты жұмыстарға оң баға берді. Биыл Ассамблеяның 30 жылдығы аясында өңірімізде 2 мыңнан аса ұлттық, мәдени, спорттық іс-шаралар өткізілуде. «Ассамблея жастары» да азаматтық жауапкершілікті дамытуға арналған бірқатар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда. Облысымыздағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандардан «Достық үйін» ашу керек деп санаймын. Түркістан облысында этносаралық келісім тұрақты дамып, барлық азаматтардың мүдделері тең дәрежеде қорғалады. Сіздермен бірге еліміздің өркендеуіне, бірлігі мен ынтымағына үлес қосу – үлкен мәртебе, – деді аймақ басшысы.
Алқалы басқосуда Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Раимжан Қошқаров, Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Зикирулла Юсупов, Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігі Жетісай аудандық филиалының төрағасы Халим Тұрсынов, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек облыс көлемінде жүзеге асып жатқан қайырымдылық шаралары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жалпы ахуал, медиацияның дамуы жайында мазмұнды баяндама жасады.
Бүгінгі басқосу — бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен өзара түсіністіктің жарқын үлгісі. Басты міндет – Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігін, мемлекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту.
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі этносаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Атап айқанда, облыста «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елтану», «Мың бала», «Қайырымдылық керуені», «Жаңа толқын», «Шаңырақ» жобалары сәтті жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері 631 іс-шара мен 49 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 39 мыңға жуық адам қамтылды. Сонымен қатар 168 ақпараттық-насихаттық кездесу өткізіліп, оған 9000-ға жуық тұрғын қатысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

«БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР»: ШАРДАРАЛЫҚ ҚАРИЯ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН АПТАЛЫҚ ІС-ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
Басты жаңалықтар

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН АПТАЛЫҚ ІС-ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

18 июня, 2025
АУДАН ӘКІМІ ЕЛ ДАМУЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АРДАГЕР АЗАМАТПЕН КЕЗДЕСТІ
Басты жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІ ЕЛ ДАМУЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АРДАГЕР АЗАМАТПЕН КЕЗДЕСТІ

18 июня, 2025
ЖЕРЛЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КІТАП ҚОРЫНА 100 КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ
Басты жаңалықтар

ЖЕРЛЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КІТАП ҚОРЫНА 100 КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ

18 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

18 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ПРЕЗИДЕНТ ЕКІНШІ «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

18 июня, 2025

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

18 июня, 2025

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ӨМІРГЕ ҚАЙТА БЕЙІМДЕУГЕ КҮШ САЛЫНАДЫ

18 июня, 2025

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

18 июня, 2025

ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 90 МЫҢ ДАНА ЖҰМЫС КИІМІН ДАЙЫНДАЙТЫН ТІГІН ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

18 июня, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

saqnews.kz
18 июня, 2025
0

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

saqnews.kz
18 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz