4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Аймақ

Түркістан облысында Ақсу өзенінен табылған мәйіт әйелдікі екені анықталды

Түркістан облысында полицейлер Төлеби ауданы Ақсу өзенінен табылған мәйітке байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

10 қазанда Түркістан облысының Төлеби ауданы полициясының кезекші бөліміне өңірдің төтенше жағдайлар департаментінен Ақсу өзенінде белгісіз мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

“Оқиға орнына дереу аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру кезінде өзеннің оң жағалауынан табылған мәйіттің суда ұзақ тұруына байланысты оны тану мүмкіндігі болмаған. Мәйітке тез арада сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес әйелге тиесілі екендігі анықталды”, – делінген хабарламада.

Бұл жайт Төлеби аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *