Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН
saqnews.kzsaqnews.kz
2 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
22
VIEWS

Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы саласында тың бастама жүзеге асып жатыр. Ауданға қарасты «Борсық сай» шаруа қожалығы тары тұқымдас сорго өсімдігінің жаңа сортын мамыр айының басында сынақ ретінде еккен болатын. Қазіргі таңда өсімдіктің алғашқы өнімін жинау жұмыстары басталып отыр. Бұл жобаның басы-қасында жүрген қожалық төрағасы – Мылтықбаев Данияр. Ол сорго өсімдігінің тұқымын шетелден арнайы алдыртып, 3 гектар аумаққа егіп, жергілікті климатқа бейімділігін зерттеу мақсатында тәжірибелік алаң құрды. Оның айтуынша, бұл – мал шаруашылығында, әсіресе сүтті сиырлар үшін таптырмас азық. Сонымен қатар сорго – тамақ өнеркәсібінде де кеңінен қолданылатын дақыл. Жобаның маңыздылығын ескерген аудан әкімі Асқар Естібаев бүгін шаруа қожалықтың егін алқабына арнайы барып, жағдаймен танысты. Өсімдік түрінің өсіп-өну барысын, оның ауыл шаруашылығына тигізер пайдасын саралап көрген әкім кәсіпкердің бастамасына оң бағасын берді. Сонымен қатар, алғашқы өнімді аудандағы сүт өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге таратып, олардың пікірін алу қажеттігін айтты. Жергілікті климаттық жағдайға бейімделіп келе жатқан сорго өсімдігінің алғашқы нәтижелері қуантарлық. Жасыл желек мол әрі биік, ал сабақтары шырынды. Қожалық басшысы Данияр Мылтықбаевтың айтуынша, келесі жылы ол осы дақылды 15 гектар аумаққа егуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, тиімді суару жүйесі ретінде тамшылатып суару әдісін енгізу көзделуде. Бұл – су ресурстарын үнемдеу мен өнім сапасын арттырудың тиімді жолы. «Сорго – суды көп қажет етпейтін өсімдік. Бұл біздің аймақтың табиғи ерекшеліктеріне сай келеді. Оның үстіне, бұл өсімдікті дұрыс күтіп-баптаса, жылына 4 рет өнім алуға болады. Биіктігі 6 метрге дейін жетіп, жасыл массасы өте қалың өседі. Малға берілгенде сүттің сапасы мен көлеміне жақсы әсер ететінін шетелдік зерттеулер де дәлелдеп отыр», – дейді кәсіпкер. Сорго – ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын, әрі болашағы зор өсімдіктердің бірі. Бұл дақылдың басты артықшылықтары:

  • Суға төзімділік: Қуаңшылыққа төзімді, суды аз қажет етеді. Бұл фактор еліміздің оңтүстігіндегі су тапшылығы жиі кездесетін өңірлер үшін аса маңызды.

  • Мал азығы ретінде құнды: Жасыл массасы мен дәні сүтті және етті бағыттағы мал шаруашылығына тиімді азық.

  • Тамақ өнеркәсібінде қолданылуы: Соргодан ұн, сироп және басқа да тағамдық өнімдер дайындалады. Кейбір елдерде оны глютенсіз өнім ретінде қолданады.

  • Биомасса өндірісіне жарамды: Энергия өндіру үшін қолданылатын биомасса ретінде де құнды.

Қазіргі таңда Түлкібас ауданы мал шаруашылығы мен егіншілікті қатар дамытуда. Әсіресе сүт бағытындағы шаруашылықтар соңғы жылдары айтарлықтай қарқын алып келеді. Сондықтан жем-шөп базасын кеңейту және сапалы азықпен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі негізгі мәселе. Сорго өсімдігі осы қажеттілікті өтеуге үлкен үлес қоса алады.  Сондай-ақ, бұл тәжірибе басқа да шаруашылықтарға үлгі болмақ. Егер өнім сапасы мен тиімділігі дәлелденсе, аудандағы өзге де фермерлер бұл дақыл түріне бет бұрып, жаңа бағыттағы егіншілікпен айналыса бастайды. Бұл өз кезегінде ауданның экономикалық әлеуетін арттырып, азық базасын нығайтуға сеп болады.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025
КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025
Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝
Басты жаңалықтар

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025
ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

Құрметті Жұмыс берушілер!

saqnews.kz
4 августа, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА «БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ–БАСТЫ НАЗАРДА!» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ–БАСТЫ НАЗАРДА!» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

saqnews.kz
29 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz