«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі жалпыаудандық сенбілікке аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев, аудандық мәслихат депутаттары мен аудан әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері белсене қатысты.
Тазалықты ту еткен халық қалаулылары мен мекеме қызметкерлері Жабағылы ауылындағы демалыс аймақтарына баратын жол бойын қоқыстан тазартып, тазалық пен экологиялық тәртіпке үн қосты.
Табиғаты әсем, туристік әлеуеті зор өңірдің көркін сақтау — баршаның ортақ міндеті екенін айтқан аудан басшысы тұрғындарды бұл игі іске белсенді атсалысуға шақырды.
Бұл бастама — туған жерге деген жанашырлық пен ортақ жауапкершіліктің көрінісі.
Аталған іс-шара әр аптаның жұма күні жалғасын табатын болады.