Алматыда қонақ үй өртеніп, қонақтар терезеден эвакуацтяланды

Алматыда қонақүйден өрт шығып, адамдар терезеден эвакуацияланды. Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт жертөледегі саунадан шыққан. Осылайша ғимараттың барлық қабатын қою қара түтін жайлап, 57 адам бөлмесінен шыға алмай, терезеден айқайлап көмек сұраған. Өрт сөндірушілер оларды баспалдақтың көмегімен сыртқа шығарды. 14 техника 42 адам тілсіз жаумен бір сағат алысты. Қазір оттың шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Read More

Түркістан облысы Сауран ауданының шаруалары ағын судың тапшылығынан зардап шегіп отыр

Түркістан облысы Сауран ауданының дихандары тегін суды сатып келген кәсіпкерге қарсы шықты. Айтуларынша, Бекботаев есімді азамат 300 гектар жерді әкімдікке өзімнің жерім деп көрсеткен. Алайда, онда халықтың да үлесі бар. Сөйтіп, шаруалардан 15 жылдан бері ақша жинап келген. Ең сорақысы алған ақшаны тиісті орынға өткізбеген. Енді мұнысы заңсыз екені анықталды. Сауран ауданының тұрғыны: «Балам он…

Read More

Ресей тауарлары қымбаттауда

Ресейден келетін тауарлардың бағасы шарықтап барады. Мұның себебін сатушылар көрші Ресейдің рубль құнының көтерілуімен түсіндіреді. Мәселен құрылыс заттарының ішінде металл өнімдері әсіре қымбаттаған. Ресейден келетін сымдар ай сайын 8-10 пайызға өсіп отырады екен. Жыл басынан бері өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Марат Исаев – кәсіпкер: «Именно осы доллорға қатысы бар заттар біршаме түсті. Мысалы…

Read More

Ер адам жұбайын лифт ішінде соққыға жыққан

Нұрсұлтанда көп қабатты үйлердің біріндегі жеделсатыда ер адамның өз әйелін соққыға жығып, басынан тепкілеп, бірнеше мәрте ауыр жұдырық жұмсаған видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Ерінен әбден езгі көрдім деген келіншек тұла бойы көкала қойдай көгеріп, тіпті 4 жерден сынғанын айтады. Ерлі-зайыпты Елордаға Шымкенттен жуырда ғана көшіп барған екен. Шаңырақ құрғалы бері көргенім осы қорлық деген…

Read More

Ақмола облысында базар өртеніп, бір адам қаза болды

Ақмола облысында базар өртеніп 1 адам қаза тапты. Нақтыласақ қайғылы жағдай Бурабай ауданының Щучинск қаласында болған. Жеке тұрған бір қабатты ғимараттан шыққан жалын 1700 шаршы метр аумақты шарпыған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге 97 адам мен 25 техника жұмылдырылған. Өкінішке орай құтқарушылар ер адамның денесін алып шыққан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері…

Read More

Кепілге қойылған құжаттарын ала алмай жүрген түркістандықтар шу шығарды

«Несиемізді толық өтесек те, банк кепілдегі мүлкімізді бермей отыр». Кентаулық 100-ге тарта тұрғын осылай деп арнамызға жүгінді. Анықтағанымыздай жұртты зар қақсатып жүрген «Яссы Несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екен. Ондағылардың құжатын сұрап барған көпшілікті құр уәдемен шығарып салып жүргеніне 1 жылдан асыпты. «Яссы несие» ЖШС алдына жиылған мына жұрт, бұл жолы несие алу үшін емес, заңды…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Қос мемлекет басшысы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыру жайын сөз қылды. Елімізде ресейлік инвесторлардың қатысуымен машина жасау, металлургия, химия өнеркәсіп салалары бойынша 20 ірі жоба іске асыруда. Аталмыш бастамалар 4 миллиард долларды құрайды. Бұдан бөлек өзекті мәселелерді пысықтаған Тоқаев пен Путин биыл күзде Орынборда…

Read More

Түркістан облысында заңсыз 55 қоқыс полигоны бар

Түркістан облысында 158 қоқыс полигонының 20 пайызы ғана талапқа сай. Бұл туралы аймақтық табиғат қорғау прокуроры Серік Әбдиев мәлімдеді. Жыл басынан бері 257 елдімекенде жыйылмай жатқан. Өйткені жергілікті билік тұрмыстық қалдықтарды алып кетуді дұрыс ұйымдастырмаған. Осындай кемшіліктері үшін 3 айда 13 адам тәртіптік жауапқа тартылып, оларға 4 млн 226 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Қазіргі…

Read More

Мамандар Текелідегі апаттың алдын ала себебін атады

Текелідегі қайғылы оқиғаға толассыз жауын және бір көше жоғарыда орналасқан су құбырының жарылуы себеп болған. Лай көшкінінен 5 үй зақымдалып, 5 жасар бала қайтыс болған еді. Қазір оқиға орнында табиғи апаттан келген залалды есептейтін арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Апаттан кейін аумақты реттеу, тазалау жұмыстары бір тәулікке жалғасқан. Оған әскерилер, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер мен…

Read More

Ақтауда 23 жастағы жігіт үйленген соң келесі күні суға батып кетті

Каспий теңізінде суға батып кеткен үш жігіттің мәйіті табылды. Олардың біреуі 23 жастағы ақтаулық тұрғын болса, қалған екеуі Қарағанды қаласынан келгені анықталды. Айта кетейік, кеше куәгерлер құтқарушыларға хабарласып, 4 адамның теңізге батып бара жатқанын айтқан. Оның біреуін сол маңдағы тұрғындар жағаға шығарып үлгерген. Ал, қалған 3 адамды толқын көтерілуіне байланысты құтқару мүмкін болмаған. Қаза болғандардың…

Read More