4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Баға

Ресей тауарлары қымбаттауда

Ресейден келетін тауарлардың бағасы шарықтап барады. Мұның себебін сатушылар көрші Ресейдің рубль құнының көтерілуімен түсіндіреді. Мәселен құрылыс заттарының ішінде металл өнімдері әсіре қымбаттаған. Ресейден келетін сымдар ай сайын 8-10 пайызға өсіп отырады екен. Жыл басынан бері өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскен.
Марат Исаев – кәсіпкер:
«Именно осы доллорға қатысы бар заттар біршаме түсті. Мысалы ламинанттың кейбір фирмалары доллорға байланған болып шықты да доллордың түскеніне байланысты біршама түсті. Ал одан бөлек, доллорға қатысы жоқ рубльмен алынады деген рубльге байланған заттар олар қатты түсіп жатқан жоқ».

Отандық өндірістің де құны көңіл көншітпейді. Мәселен, цемент, кірпіш және шлакоблоктардың бағасы 30 пайызға қымбаттаған. Жаппай қымбатшылықтың жайлауына маусымдық сұраныс та әсер ететіні сөзсіз. Мамандар нарық тек күзде ғана тұрақталуы мүмкін деп болжап отыр. Қалыптасқан жағдай тұтынушылардың қалтасына ауыр тиері анық.

Еркебұлан Нышанбай – тұтынушы:
«Былтырғымен бағаны салыстырған кезде почти бірге-бір қосылған. Любой, кез келген тауарларға. Люстра, пластик болсын, майда-шүйделер вообще қымбаттап кеткен. Доллар түсіп жатыр, тауар түсіп жатқан жоқ та».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *