Түркия: Тілсіз жау әлі де дес берер емес
28 шілдеден бастап Түркияның оңтүстігінде және батысында ормандар өртенуде, деп хабарлайды tourweek.ru сайты. Түрік БАҚ-ның хабарлауынша, соңғы 5 күнде Түркияда 125 ірі өрт тіркелген. Ең көп өрт ошағы Анталия және Мугла провинцияларының ормандарында орын алған. Бұл аймақтан алты ауданның тұрғыны эвакуацияланып, 10 адам қайтыс болды. Төтенше жағдаймен күресте бүкіл Түркияның жан-жағынан өрт сөндіру техникалары тартылған….