Үкімет кинотеатрлар сатқан билеттер мен кассалық түсімдерді бақылап отырмақ
Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасын орындау аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі Бірыңғай кино мониторинг жүйесін («е-Кино») әзірледі. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзінше, бұл жүйе киноиндустриядағы ашықтықты арттыру, елімізде кассалық түсімдерді әділ бөлу міндеттерін атқарады. «е-Кино» жүйесіне деректер кинотеатрлардың билет сату жүйесінен нақты уақыт режимінде түседі. Жүйе жекелеген сеанс және фильм көрсетіліп жатқан өңір…