4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Cаясат

Үкімет кинотеатрлар сатқан билеттер мен кассалық түсімдерді бақылап отырмақ

Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасын орындау аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі Бірыңғай кино мониторинг жүйесін («е-Кино») әзірледі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзінше, бұл жүйе киноиндустриядағы ашықтықты арттыру, елімізде кассалық түсімдерді әділ бөлу міндеттерін атқарады.

«е-Кино» жүйесіне деректер кинотеатрлардың билет сату жүйесінен нақты уақыт режимінде түседі. Жүйе жекелеген сеанс және фильм көрсетіліп жатқан өңір бойынша көрермендер саны мен кассалық түсімдерді бақылауға, билеттерді жүктеу үрдісін мониторингтеуге, кино көрсетілімі мен түсімдерін жанр, тіл және өндіріс елі бойынша талдауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «е-Кино» жүйесі сынақ режимінде пайдаланылып жатыр. Жүйеге 103 кинотеатрдың 68-і қосылған. 30,4 млн теңге кассалық түсім есепке алынды. 20 310 билет тіркелді», – деді Балаева Үкімет отырысында.

Қазір жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тестілеу мәселесі қарастырылуда. Бұл оның өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуіне мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *