Жалған вакцина құжатын сатқан дәрігер мен делдал ұсталды
Маңғыстау облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның 50 паспортын сатқан 8 адам ұсталды, арасында дәрігерлер мен делдалдар бар. Маңғыстау облысының полиция департаментінің хабарлауынша күдіктілер екпе алғаны жөнінде құжатты 30-50 мың теңге аралығында сатқан. Ұсталғандар 150-ден астам адамға құжат сатқанын мойындаған. Қылмыстық кодекстің 385-бап 2-бөлігі бойынша (“Жалған құжаттарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау,…