4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Қазақстан

Жалған вакцина құжатын сатқан дәрігер мен делдал ұсталды

Маңғыстау облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның 50 паспортын сатқан 8 адам ұсталды, арасында дәрігерлер мен делдалдар бар.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің хабарлауынша күдіктілер екпе алғаны жөнінде құжатты 30-50 мың теңге аралығында сатқан. Ұсталғандар 150-ден астам адамға құжат сатқанын мойындаған.

Қылмыстық кодекстің 385-бап 2-бөлігі бойынша (“Жалған құжаттарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу”) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу жалғасып жатыр – деп хабарлады облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Қалиев.

Бұл фактілер Жаңаөзен, Ақтау қалалары мен Мұнайлы ауданындағы мемлекеттік және жеке меншік ауруханаларда анықталған. Полиция тергеу жалғасып жатқандықтан күдіктілер көбеюі мүмкін екенін айтады. Олардың сөзінше, вакцина паспортын сатып алғандар кәдімгідей екпе процедурасына келген, бірақ екпе алмаған.

Медбикелер мақтаны алып, екпені адамның қолына емес, мақтаға салған, бұдан соң вакциналау базасына екпе алды деген мәлімет енгізген. Ол адамдардың байланыс ортасын анықтадық және тізбек бойынша қатысы барларды анықтай бастадық, – деді Алтынбек Қалиев.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *