Абайдың «Қара сөздері» Бельгия кітапханаларында
Бельгиядағы Қазақстан елшілігі «Абай күніне» орай француз тілінде жазылған Ұлы ақынның «Қара сөздер» жинағын Корольдік кітапхананың қорына табыстады. Сондай-ақ, кітапханаға ұлы ойшылдың өмірбаяны мен оның бельгиялық поэт Гидо Геззельге ұқсас қасиеттері жайлы материалдар да ұсынылды. Одан бөлек, Абайдың қара сөздері Брюссель мектептері мен кітапханаларына да тарту етілді. 1837 жылы негізі қаланған Бельгияның Корольдік кітапханасы…