29 қыркүйек 2026, сейсенбі ☀️ Түркістан +12°C
  • USD 441,77
  • EUR 502,38
  • CNY 65,83
  • RUB 5,23
Жедел
Сегодня исполняется 129 лет со дня рождения Мухтара Ауэзова Ясмина, хочу сказать тебе несколько слов. «10 читателей года»: победители проекта получат по 10 млн тенге «Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі Түркістанда халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері байқауы салтанатты түрде ашылды Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты В Казахстане увеличилось производство обработанного молока ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ АЯЛДАМА ОРНАТЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ АЯЛДАМА ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан қаласының Қызылорда бағытына шығатын аумақта қоғамдық көліктің жарамсыз қаңқасынан жасалған ерекше аялдама орнатылды.

Жаңа аялдама «Жолаушы» ЖШС бастамасымен қолға алынған. Жоба істен шыққан автобусты қайта кәдеге жаратып, оны қала тұрғындарына қажетті нысанға айналдыру мақсатында жүзеге асырылған.

Мекеме басшысы Рахымжан Еркіновтің айтуынша, аялдаманы дайындау жұмыстарына бір айдан астам уақыт жұмсалған. Автобус қаңқасы кесіліп, аялдамаға бейімделіп, сырланып, заманауи талапқа сай әрленген.

Осылайша, бұрын қала көшелерінде жолаушыларға қызмет көрсеткен автобус енді тұрғындар үшін аялдама қызметін атқаратын болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *