2 қараша 2026, дүйсенбі ☀️ Түркістан +20°C
  • USD 453,87
  • EUR 508,33
  • CNY 68,22
  • RUB 5,65
Жедел
БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НЕСИЕ БЕРУДЕГІ РӨЛІН АРТТЫРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТАҒЫ СЕНБІЛІК СЕРПІНДІ ӨТТІ Президент «Qarmet» АҚ басшылығымен әңгімелесу барысында металлургтер қаласындағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызын атап өтті Касым-Жомарт Токаев ознакомился с восстановленной системой трамвайного движения Темиртау Историческое возвращение тигров в Казахстан продолжается: в дикую природу выпущен второй тигр — Амур Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жалғасуда: екінші жолбарыс – Амур табиғатқа жіберілді Мемлекеттік институттардың жұмысы және азаматтарды қорғау механизмдері Конституция болашақ елдің даму бағдарларын айқындайды: ғылыми жобалар — стратегиялық басымдық
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТАҒЫ СЕНБІЛІК СЕРПІНДІ ӨТТІ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Созақ ауданында «Ұлы тұлғаларға құрмет – ұрпаққа міндет» акциясы ұйымдастырылып, аудан аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында кезекті ауқымды сенбілік өтті.
Игі бастамаға барлық ауылдық округтер мен елді мекендердің тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Көркейту-көгалдандыру жұмыстарын аудан әкімінің орынбасары Дулат Байзақов бақылауына алды. Шолаққорған ауылының бірқатар аумақтарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аралау барысында жауапты мамандарға тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау, тазалық талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарды нақтылады.
Сенбілік барысында аудан аумағындағы 40-қа жуық тарихи-мәдени нысан, ескерткіштер мен мемориалдардың аумақтары тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Елді мекендердің ішкі көшелері, күре және айналма жолдардың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, күл-қоқыстар шығарылды. Мазараттардың аумақтары ретке келтіріліп, арамшөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар су өткелдері, көпірлер, өзен-көлдер, каналдар мен арық-атыздар тазаланып, көше бойындағы талдардың түптері әктелді.
Ауқымды сенбілікке жалпы 1000-ға жуық адам мен 41 арнайы техника жұмылдырылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *